{metadescription}
0:000:00
Ақмола облысы: Орынбасары үшін бастығы қызметінен кетті

Ақмола облысы: Орынбасары үшін бастығы қызметінен кетті

Орынбасары үшін бастығы кетті. Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов қызметтен шеттетілді. Іле-шала полиция генерал-майоры жұмысынан босату туралы рапорт берген. Бірақ әзірге онысына жауап жоқ.

Біләловтің қызметінен шеттетілуіне атышулы «полковниктер ісі» себеп. Өткен аптада департамент бастығының орынбасары Асан Сәдуов пен Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Сәуле Жұмалинаны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қамауға алған болатын. Оларға «Қызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алды немесе талан-таражға салды» деген айып тағылған. Қарамағындағы қос полковникке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанына байланысты қызметтен шеттетілген департамент бастығының уақытша міндетін атқару Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинге жүктелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде