{metadescription}
Тараз, Үміт: Тәрбиеші жылаған баланың аяғынан ұстап салбыратып, аяусыз сілкілеген
Тараз, Үміт: Тәрбиеші жылаған баланың аяғынан ұстап салбыратып, аяусыз сілкілеген

Тараз, Үміт: Тәрбиеші жылаған баланың аяғынан ұстап салбыратып, аяусыз сілкілеген

Таразда ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршін тәрбиешіден теперіш көрді. «Үміт» бөбектер үйінде 30 жылдық өтілі бар маман жылаған баланы ерекше әдіспен жазалаған. Оны аяғынан көтеріп, басын жерге салбыратып, белін қайыстыра сілкілеумен үнін өшірмек болыпты. Бұл жағдай қазір үлкен дау болып жатыр.

Балаға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы әлеуметтік желіде тарап қызу талқыланып жатыр. Білдей 30 жылдық еңбек өтілі бар әйел жылаған кішкентай бүлдіршінді жұбата алмай, үнін өшірудің қатаң түрін қолданады. Әккі маманның әдісі көптің жағасын ұстатты.

Әлеуметтік желіде дау болып жатқан жағдай дәл осы тұстан түсірілген. Және жасырын түсірілген. Іштегі кейіпкер оны еш аңғарған жоқ. Тәрбиеші жылаған баланы тыныштандыру үшін оны аяғынан көтеріп, басын төмен қарай салбыратып, бірнеше мәрте сілкіп алады.

Бұл оқиға қазір үлкен шу болып жатыр. Көрші-қолаңнан осы жағдай туралы сұрап-білгіміз келген. Бірақ бұл кісілер үйінде болмады. Қамталдағы кісі де үйінде жоқ. Ал жалғыз аяқ жолдан шыққан адам жылаған баланың дауысын естіп, ұялы телефонға түсірген болуы мүмкін. Бірақ оның кім екені әзірге белгісіз.

Өздеріне қарасты мекеменің тәрбиешісінің әрекетінен денсаулық сақтау басқармасы дүрлігіп жатыр. Қазір басшысы бар, қосшысы бар – бәрі жиналған. Белгілі болғаны, істің ақ-қарасын анықтауға ішкі тексеріс басталған. Қорытындысы жуырда жарияланбақ. Ал балаға қол жұмсаған тәрбиеші теріс қылығымен бұған дейін назарға ілікпепті.   

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы:

- Қазір ол кісі жұмыстан шеттетілді. Тергеу амалдары біткеннен кейін шешім қабылданады. Біздің тараптан тексеріс нәтижесінде обьективті және әділетті шешім қабылданатын болады.

Қазір құзырлы орын өкілдері видеоны саралап жатыр. Сондай-ақ полицейлер мекеменің барлық бақылау камерасын шешіп алды. Сөйтіп, ондағы жазбаны зерделемек. Әзірге дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы:

- Қозғалған қылмыстық істің шеңберінде айтайын. 140 бап. Ол кәмлетке толмағандармен тәрбие жұмысын дұрыс деңгейде атқармау. Бұның жауапкершілігі үш айға дейін бас бостантықтан айыру және 3 жылға дейін лауазымды қызметті атқармау.

Тәрбиешіден теперіш көрген – үш жастағы ұл бала. Оның денесіне еш зақым келмеген дейді дәрігерлер. Ал өзінің немересіндей бүлдіршінге қаталдық танытқан маманның жасы 54-те. Айта кетейік, «Үміт» балалар үйінде 64 бөбек тәрбиеленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде