{metadescription}
Сырым: Жаңартылған бекетте енді көлік кептелісі болмайды
Сырым: Жаңартылған бекетте енді көлік кептелісі болмайды

Сырым: Жаңартылған бекетте енді көлік кептелісі болмайды

Шекарадағы кептелісті шешуде атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мәселен еліміздің батысындағы «Сырым» бекеті қайта салынып жатыр. Бұрын жүк көліктері кезегін күтіп тәуліктеп тұратын бекет қолданысқа ай соңында берілмекші. Құрылыс жұмысының барысымен Сенат спикері Дариға Назарбаева танысты.  

- Осы ғимаратта орналасқан ескі бақылауөткізу пунктін де пайдаланамыз. Қосымша 4 жолақты қолданамыз. Сонда барлығы 12 жолақ, 12 паспортты бақылау кабинасы болады.

Шекарашылардың сөзінше, Ресейде «Платон» жүйесі енгізілгелі Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк көліктері көбейген. Одан бөлек оларды елдегі жанармай бағасының көршілерге қарағанда арзан болуы да қызықтырады. Сондықтан келушілер көбейген сайын шекара бекетінің шаруасы да артып, қабылдауға үлгермей жатады. Бекет қайта жаңартылған соң бұл мәселе түбегейлі шешіледі деп сендірді шекарадағылар. Келер айдан бастап тәулігіне төрт мың көлік пен 12 мың адамды тексеруге қауқарымыз жетеді дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде