Бердібек Сапарбаев: Жұмыссыз адамға Нұр-Сұлтанда өмір сүру қиын
Елордада тұруға әркімнің-ақ бар таласы! Бірақ бас қалаға бәрі сыймайды. Премьердің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанға қоныс аударушылар жайында пікір білдірді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
09.10.2019
Кез келген адам елордада тұрғысы келеді. Баласының озық үлгідегі заманауи білім ордасында оқығанын қалайды. Дегенмен бас қаланың баспанамен қамту, балабақша, мектепке орналастыруда мүмкіндігі шектеулі. Оның үстіне екі қолға бір күрек таппаған адамдардың мұнда өмір сүруі қиын деп түсіндірді Сапарбаев. Сондықтан қоныс аударғысы келетіндерге түсіндірме жұмысын дұрыстап жүргізу керек дейді. Бұл ретте атқамінер ауыл-аймақты дамыту мақсатында қолға алынған бағдарламаларды меңзеп отыр.
Бердібек Сапарбаев, Премьер-министрдің орынбасары:
- Бүгінде өңірлерде өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша тиісті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы бар. Осы бағдарламаның негізінде инфрақұрылым құрылуда. Бұл тұрғыда тиісті жағдай жасау үшін 3 мыңға жуық елді мекен таңдалып алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!