{metadescription}
Қарағанды: Автобустарға оқ жаудырған адам іздестірілуде
Қарағанды: Автобустарға оқ жаудырған адам іздестірілуде

Қарағанды: Автобустарға оқ жаудырған адам іздестірілуде

Қарағандыда аялдамада тұрған автобустарға оқ жаудырған қаскөй іздестіріліп жатыр. Ол қоғамдық көліктерге пневматикалық қарудан оқ атқан.

Жанна Ахметова, оқиға куәгері:

- Сауда жасап тұрғанда атыс болды, дауысын естідім. Сосын есікті жабамын деп далаға шықтым. Адамдар жанжаққа қорқып қашып жатты. Есікті жүгіріп барып жаптым. Одан кейін полиция келіп терезесін атып кетті. Адамдар зардап шекті ме, жоқ па, білмеймін.  

Полицейлер ешкім зардап шеккен жоқ дейді. Әйтсе де кешкі қарбаласта оқ атылған үш автобуста 200-ден аса жолаушы болыпты. Қоғамдық көліктердің тек терезелері шағылған. Криминалистер бір автобустың салонынан пневматикалық қарудың төрт жарым миллиметрлік оғын тапты. Ал тұрғындардың өміріне қауіп төндірген бұзақы әлі табылмай жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде