{metadescription}
Күйеуі күйзелткен келіншек сәбиімен бірге биіктен секіріп өлмек болды
Күйеуі күйзелткен келіншек сәбиімен бірге биіктен секіріп өлмек болды

Күйеуі күйзелткен келіншек сәбиімен бірге биіктен секіріп өлмек болды

Алматыда тәртіп сақшылары үйдің 20-шы қабатынан секіріп өлмек болған жас ананы құтқарып қалды. 26 жастағы келіншек көпқабатты үйдің балконына 6 айлық сәбиімен бірге көтерілген екен. Келіншекті жантүршігерлік қадамға күйеуі итермелеген боп шықты. 

Айтшы, мен көмектесемін, не болды? Болды, жылама, қазақтың қыз баласысың ғой! Жылама! (келіншек ботадай боздап жылап жіберді)

Босанғанына небәрі алты ай болған әйелге күйеуі қоңырау шалып, ажырасатынын айтқан. Қатты күйзеліске ұшыраған жас келіншек өз-өзіне қол жұмсамақ болды. 20-шы қабаттан секіргелі жатқан оны көршілері байқап қалып, дереу полицияға хабар берді. Сұмдық жайт орын ала жаздаған «Манхэттан» тұрғын үй кешенінде келіншек күйеуімен пәтер жалдап тұрады. Жұбайы оны тастап, басқа қалаға кетіп қалған. Суицид жасамақ болған 26 жастағы келіншекпен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде