Атырауда дауға іліккен екі дәрігер арызын қайтарып алды
Атырауда жаппай жұмыстан шығуға арыз жазған 31 медицина қызметкерімен жүргізілген келіссөздің нәтижесі шамалы болды. Дауға ілінген перинаталдық орталық мамандарының екеуі ғана арызын қайтарып алған. Ал қалған 29 адам заң бойынша шартты бір ай жұмысын істеген соң қызметінен кетуі тиіс.
Автор: Динара Жоламанқызы
09.10.2019
Жұлдыз Ахметова, Атырау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы:
- Шыдамымыз таусылды. Өз басым арызымды қайтып алмаймын. Әлеуметтік желіде жазғандар біздің мазамызды алмай, бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер деп сұраймыз. Осы басталғалы жұмыс жасауға мүмкіндік жоқ. Бізде әйелдердің, партнерлар арасында, жеке басымда болған жағдайлар... мен бұдан кейін жұмыс істемеймін. Медицина саласында қаламын ба, жоқ па, ойланып жүрмін.
Облыстың бас акушер-гинекологы пара беремін деп ұлттық бюро қызметкерлерінің назарына ілінген. Осы іс бойынша телефонын тыңдау кезінде оның тағы бір қылмысы әшкереленген. Яғни,базаға өлі туды деп тіркелген сәби тірі болып шыққан. Ал электрондық мәліметтерді түзетуді қиынсынған бас дәрігер сәбиге көмек көрсетудің орнына шарананы тірідей мұздатқыш камераға салуды бұйырыпты.
Қазір бас дәрігер мен орталықтың акушер-гинекологы қамауға алынған. «Болашақ» бағдарламасымен Оңтүстік Кореяда білім алып келген Қуаныш Нысанбаев жүкті әйелдерге қолайлы жағдай жасау үшін пара алып отырған деп те айыпталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!