Жат туыстар: Нотариусты кім өлтірді?
Көңілді күпті еткен күдік пен айыптау. КТК арнасында ұсынылған «Жат туыстар» телехикаясы көрермендерді тағы да күтпеген оқиғалармен таң қалдырмақ. Әулеттің асқар тау әкесі дүниеден өткеннен кейін бір-бірін жек көретін туыстар бір шаңырақтың астында тұруға мәжбүр. Себебі, тергеуші нотариусты кімнің өлтіргенін анықтауы тиіс.
Автор: Мақсат Мәлік
10.10.2019
Жаңа бөлімде бас кейіпкер анасы мен сүйіктісінің арасында қалып таңдау жасауы керек. Ол қарғысқа ұшыраған үйден қашып кетуге оқталғанымен, жолы кесіледі. Шенеунік Саматты күтіп тұрған жағымсыз тосынсый.
Ал кәрі бала күтуші Жанардың саусақ іздері конвертке қалай түскен?
Ғашықтарды айыру үшін жексұрын аға мен қарындас тағы қандай қитұрқы жоспар ойластырды?
Марқұм нотариус қандай құпияны өзімен бірге ала кетті?
Осы және өзге де жайттар ертең 17:00-де КТК арнасындағы «Жат туыстар» телехикаясында көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!