Селфи! Қуандық Бишімбаев түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты
Қуандық Бишімбаев бостандықта! Бюджет ақшасын жымқырды деп 10 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі жазасының бестен бірін де өтемей, түрмедегі үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап шықты.
Автор: Досжан Маратұлы
11.10.2019
Марат Шәріпов, Абай аудандық сотының судьясы:
- Қазі жазаның өтелген мерзімі 2 жыл 8 ай. ҚКтің 72-бабына сәйкес, мұндай өтінішті қанағаттандыру соттың міндеті. Себебі, түзеу мекемесінде жазасын өтеу барысында Бишімбаев тарапынан төрт рет алғыс алынған, ешқандай жазалау шаралары қолданылмаған. Және ол азаматқа шығын өндіру туралы мәселе қойылмаған.
Бишімбаевтың түрмеден шыққан бойда жасаған селфиі. Фотода freedom яғни, бостандық деп жалыған. Жалпы «болашақтың» мақтаулы түлегі былтыр наурызда 10 жылға сотталған. Сот Бишімбаевты Қызылорда қаласында шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырды, пара алды деген баптар бойынша кінәлі деп тапқан.
Бишімбаевпен бірге «Байтерек Development»-тің лауазымды топ-менеджерлері, кәсіпкерлер, ұзын саны 22 адам істі болған еді.
Экс-министрдің мерзімінен бұрын босап шығуына оның түрмедегі үлгілі тәртібі ғана емес, жыл басында Елбасыдан кешірім сұрап жазған хаты да әсер еткен. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше Нұрсұлтан Назарбаев Бишімбаевқа сол кезде рақымшылық жасаған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!