Хитоми Шимомура: Қазақстандағы науқас балаларға не істей аламын?
Елордада науқас балаларға көмектесу мақсатында жапондық кимонолар сатылды. Қайырымдылық акциясын Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты өкілінің әйелі Хитоми Шимомура ұйымдастырды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.10.2019
Хитоми Шимомура, шараны ұйымдастырушы:
- Қазақстанда тұрған төрт жылымның ішінде мен бұл елге не істей аламын, адамдарға қандай жылы естелік қалдыра аламын деген сұрақтар мазалады. Осылай қайырымдылық шарасын ұйымдастыру және науқас балаларға көмектесу туралы ой туды. Аукциондағы барлық кимоно, белбеулерін, күртешелерді Жапониядан алып келдім.
Сатылымға шығарылған барлық кимоно Хитоми Шимомуранікі. Аукционға қойылған жапондық 25 киім үлгісіның құны 10 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, 6 белбеу, 3 күртеше және жапон матасы да шараға келушілерге ұсынылды.
Қайырымдылық акциясынан түскен қаржы «Асыл бала» қоғамдық қорына берілді. Қаражат елордадағы ауруханалардың бірін операциялық үстелмен жабдықтауға жұмсалкады.
Гүлнар Өтепова, «Асыл бала» қоғамдық қорының төрайымы:
- Операциялық үстелдің балалар үшін маңызы зор. Әсіресе денесін күйік шалған науқас балаларымызға. Өкініштісі, біздің ауруханаларда хирургиялық үстелдер жоқ. Мақсатымыз – үстелге қол жеткізу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!