{metadescription}
Шымкент зертханасында сынаманы талдауға ерініп, диагнозды ойдан жазатыны рас па? 
Шымкент зертханасында сынаманы талдауға ерініп, диагнозды ойдан жазатыны рас па? 

Шымкент зертханасында сынаманы талдауға ерініп, диагнозды ойдан жазатыны рас па? 

Арандату ма, әлде анализ «жүрдім-бардым» жасалған ба? Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасы үлкен жанжалдың ортасында қалғалы тұр. Зертханада жұмыс істейтін екі қызметкер біраз былықтың бетін ашып, видеоға да түсірген. Айтуларынша, мекемедегілер емханалардан келген сынамаларды талдауға ерінсе, диагнозды ойдан жазады. Одан қалса, сол анализдерді анықтауға қажет препараттарды сатып, орнына мерзімі өткен ескісін қолданады екен. Аурухана басшылығы мен Денсаулық сақтау басқармасы мұны мойындаған жоқ.

Екі келіншек бір жылдан бері Асардағы клиникалық балалар ауруханасының зертханасында жұмыс істейді. Бірі – зертханашы дәрігер, екіншісі – фельдшер. Айтуларынша, зертханада талдаулар қоқысқа тасталып, қорытындыға тек ойға келген цифрлар жазылады. Ал бұл зертханаға бір аурухана емес, қаладағы көп емханалар да анализ тапсырады екен.

Раушан Төрегелдиева, лаборант дәрігер:

- Қаланың барлық емханалары шартқа отырады. Олар бізге анализ жасап беруге ақша аударады. Қорытындысына келгенде жалған ақпаратты Юнусходжаева Нигора қолдан жазып беріп отырған. Тексеру ешқашан болған емес, анализ істелінбеген.

Зертханашылар тағы бір сұмдықтың бетін ашпаққа бекінді. Яғни, талдауға қажетті қымбат препараттар осы зертханада сатылады дейді. Шетелден келінетін реактивтердің мерзімі өтсе, мұндағылар оның этикеткасын қырып, жаңа мерзімді өздері қоя беретін көрінеді.

- Қырып жатырсыңдар ма? Қырып, сосын қайта жабыстырасыңдар жаңадан, иә? Мерзімі кеткенді, солай ма? Тек бұларға қайтадан жаңа мерзімі жабыстырады. Бұлардың бәрінің мерзімі өтіп кеткен. Былтыр да сөйтіп жабыстырып едік қой, иә?

Былықты видеоға түсірдік дегендердің сөзінше, бастарына қара бұлт осыдан кейін үйіріліпті. Басшылық тарапынан қысым басталған.

Гүлнар Сәрсенбаева, лаборант фельдшер:

- Менің де балашағам бар. Маған да жұмыс керек. Бірақ, айтуға мәжбүр болдым. Ана жерде көрсеңіз, мысалы, білмеймін, жантүршігерлік деп ойлаймын. Неге десеңіз, ол жерде түрлі науқастар да бар.

Аталмыш мәселе бойынша Денсаулық сақтау басқармасындағы жиынға екі зертханашыны жақтағандар да, оларға қарсы әріптестері де түгел келіпті. Бірақ зертхана басшылығы ешбір айыптауды мойындаған жоқ. Мәселені тексеруді бастаған басқарма басшысы да мұны «арандату» деп отыр.

Асхан Байдуалиев, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл қасақана жағдайды өршіту деп санаймын. Видеоларды мұқият қарап шықтық. Ол жерде мерзімі өткен препараттарды көрсеткен. Бірақ, ол препараттар біздің тізімде мүлдем жоқ. Оның үстіне былтырдан бері былық болып жатса, аурухана басшылығына немесе басқармаға келіп айтса болады ғой. Сондықтан мәселені ушықтыру арқылы біреуге қара күйе жағу керек болған шығар.

Қазір зертханашылардың айтып-көрсеткен мәселесін Денсаулық сақтау басқармасы тексеріп жатыр. Олар бұл іске прокуратураны да қосыпты. Құзырлы органдардың жасаған қортындысы жалпы Шымкент медицинасының жағдайы мен болашағын айқындамақ. Егер былықтар расталса, онда талай лауазымды дәрігерлер орнынан ғана емес, бостандығынан да айрылуы бек мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде