{metadescription}
Қуандық Бишімбаевтың қалған жазасы айыппұлға ауыстырылыпты
Қуандық Бишімбаевтың қалған жазасы айыппұлға ауыстырылыпты

Қуандық Бишімбаевтың қалған жазасы айыппұлға ауыстырылыпты

Қуандық Бишімбаев түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан жоқ. Тек қалған жазасы айыппұлға ауыстырылыпты. Экс-министрдің абақтыдан ерте шығуын Ішкі істер министрлігі осылай түсіндірді.

Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары: 

- Жазаланған жазасын ол кісі бүгінгі күнге 2/3 мерзімін отырып шықты. Қалған 1 жыл 3 айын жеңілдету рәсімімен Бишімбаевтың өзінің жазба түрде жазған ұсынысымен 1 жыл 3 айы жеңілдетіліп айыппұлға ауыстырылған.

Экс-шенеунік өз кінәсін мойындап, мемлекет алдындағы бүкіл қарызын төлеп болған. Бір кездері «Бәйтерек» холдингі мен Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев былтыр пара алу, бөтеннің мүлкін иемдену, қылмыстық құқықбұзушылықты ұйымдастыру деректерімен 10 жылға сотталған. Мерзім 2017 жылдың қаңтарынан бастап есептелді. Кейін оның жаза мерзімі амнистияға түсіп, 4 жылға дейін қысқартылған. Енді қалған 1 жыл 3 айы жазаның мейлінше жеңіл түрі – айыппұлға ауыстырылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде