{metadescription}
Енді жағдайы төмен азаматтарға несие берілмеуі мүмкін
Енді жағдайы төмен азаматтарға несие берілмеуі мүмкін

Енді жағдайы төмен азаматтарға несие берілмеуі мүмкін

Бұдан былай жағдайы төмен азаматтарға несие берілмеуі мүмкін. Ұлттық банк жыл соңына дейін осындай арнайы жоба ойластырып жатыр. Оның ішінде жағдайы төмен азаматтарды несие алмауға үгіттейтін шаралар жиынтығы да бар.

Ұлттық банктің есебінше, биылғы сәуір-тамыз аралығында жеке тұлғалардың несиелерінің көлемі 6 пайызға өсіп, 6 триллион теңгеден асып жығылған. Оның ішінде едәуір үлесі, яғни 4 триллионға жуығы тұтынушылық несиеге тиесілі. Оның көлемі бей-берекет өсіп кетпес үшін шілдеде тұтынушылық несиелеудің бүкіл субъектілерін реттейтін заң қабылданған еді. Оның бір пайдасы – жыл соңына дейін кепілсіз несие берешегі 90 күннен асып кеткендерге үстеме төлетуге тыйым салынбақ. 

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Жылдың соңына дейін... мерзімі өткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша тұрақсыздық сомасын, коммерцияларды және өзге төлемдерді есептеуге тыйым салуды, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруді тыйым салуды, кірісі төмен азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруді ынталандыруға бағытталған реттеуді көздейтін шаралар қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде