{metadescription}
0:000:00
Атырау: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кете ме?  

Атырау: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кете ме?  

Атыраудағы перинаталдық орталықта болған сұмдық оқиғадан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмыстан кетуге арыз жазған. Бірақ облыс әкімі әлі қол қоймапты. Нұрлан Ноғаев тергеу қорытындысын күтіп жүр екен.  

Қоғамды дүр сілкіндірген баланың өліміне байланысты облыстық перинаталдық аурухананың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог қазір қамауда. Нысанбаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Күдіктілерге қатысты ҚК-тің 99-шы бабы, яғни «Қасақана кісі өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл екеуі шақалақ «өлі туылды» деп құжат толтырып, кейін оның тірі екені анықталғанда сол құжатты қайта жазуға ерініп, тірі баланы тоңазытқышқа тыға салған. Кейін бұл орталықта талай былықтың беті ашылды.

Тек соңғы екі айда дәл осы перзентханада 50-ге жуық шақалақ шетінеген. Бала өлімі өршіп тұрған перинаталды орталықтың босану бөлімшесі қазір уақытша жабық.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- 75 жүкті әйелдерді, балаларды қалалық перзентханаға, басқа да ауруханаларға орналастырдық. Бұл жұмыс бақылауда тұр. Әрі қарай жұмысты жүйелі түрде жалғастыратын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.