Павлодар түрмесі аукционда сатылмай жатыр
Павлодардағы бұрынғы колония бір теңгеге сатылуы мүмкін. Аукционға құны 123 млн. теңге деп шығарылған түрмені әзірге ешкім алуға ниет білдірмеді. Сөйтіп сауда-саттық кейінге шегерілді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
15.10.2019
Ләззат Естаева, Павлодар облыстық жекешелендіру және мемлекеттік мүлік департаментінің бөлім басшысы:
- 162/5 мекемесінің саудасаттығы бүгін өткізілмеген болып табылады. Себебі, қатысушылар саны екіден төмен болды. Келесі сауда-саттық 20 жұмыс күнінен кейін өткізіледі. Яғни, минималды бағасы белгіленген. Бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі.
Бірінші кезең бағаны көтеру әдісімен жүргізілген. Ал екіншісінде керісінше, түсіру тәсілі қолданылады. Жалпы сомасы 61 млн. теңгеге алушы табылмаса, бағаны шексіз төмендету жолымен небәрі бір теңгеге сатылуы ықтимал.
Түрме кезінде түберкулезбен ауыратындар жазасын өтейтін мекеме болған. Мұнда әкімшілік ғимарат, асхана, қойма, гараж бен киім жуатын орынға дейін бар. Адамның аз болуына қатысты түрме 5 жыл бұрын жабылып, 124 сотталушы жан-жақтағы колонияларға ауыстырылыпты. Ал ғимараттардың барлығына санитарлық тазалық жүргізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!