{metadescription}
Бастығы егістік алқабынан ірі көлемде астық ұрлаған
Бастығы егістік алқабынан ірі көлемде астық ұрлаған

Бастығы егістік алқабынан ірі көлемде астық ұрлаған

Директоры тонаған. Ақмола облысында егістік алқаптан ірі көлемде астық ұрлағандар ұсталды. Оңай олжа таппақ болған үшеудің бірі – серіктестікке иесі сеніп тағайындаған директордың өзі болып шықты. 

Олар алқапта артып алған астығын қырманға емес, қыр асырып жіберіп отырған. Камаз көліктерімен көршісінің қамбасына құйып, одан әрі бидайды саудалауға кіріскенде тәртіп сақшыларының қолына түсіп қалды. Сөйтсе жау алыстан келмеген. Ол екі көлік жүргізушісімен бірге қожайынының алқабынан 90 тонна астық ұрлап, 6 миллион теңге пайда таппақ болған.

Енді атқарушы директор да, екі жүргізуші де дүние-мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Астық ұрлау фактісі Егіндікөл ауданында тіркелді. Жаңа ғана жиналған астық тиісті жерге жеткізілмей, сыртқа жөнелтіліп отырған. Күдікті 3 адам да сол серіктестікте жұмыс істеген. Қазір ҚК-тің 189-бабы, яғни «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алды немесе талан-таражға салды» деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде