ШҚО-да төтеншеліктер көше аралап, ескерту жасап жүр
Шығыс Қазақстан облысында ыстан уланғандар көбейіп барады. Қыс басталмай жатып өңірде ыстан зардап шеккендердің саны 8 адамға жетті. Арасында екі бала бар. Енді төтеншеліктер оқыс оқиғаның алдын алу үшін баспаналарды аралап жұртқа ескерту жасап жүр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.10.2019
Ескертуге құлақ асып жатқан жұрт шамалы. Тіпті құтқарушылар өңір бойынша 300-ден астам отбасыға иіс тиіп уланудан сақтайтын автоматты қондырғы да орнатқан. Бірақ сезімтал қондырғы өткен жылы артқан көрсеткішті биыл азайтуға мүмкіндік бере алмай тұр. Өйткені тұрғындардың көбі қуаты таусылған қуат бергішті жаңартуға да немқұрайлы қарайды. Оның үстіне кейбіреуі дыбыс қондырғысын түп орнымен қопарып алып тастаған. Сонымен қатар, жұрттың от жағатын пештерінің де сапасы сын көтермейді.
Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Өкінішке қарай, біз көп деген кемшіліктерді көрдік. Жұрттың басым бөлігі от жағатын пешін де ретке келтірмеген. Кейбіреуі түтіндіктегі күлін қырмаса, енді біреуі тозығы жеткен кірпіштерін әлі күнге дейін жаңартпаған. Сондықтан ескертуді елемейтіндермен күресті енді күшейтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!