{metadescription}
Бақылаушылар жолақысын төлемейтіндерді аңдуға көшті
Бақылаушылар жолақысын төлемейтіндерді аңдуға көшті

Бақылаушылар жолақысын төлемейтіндерді аңдуға көшті

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктерде бақылау күшейтіліп жатыр. Өйткені бас қалада жолақысын төлеуден жалтаратындар көбейген.

Жыл басынан бері 10 мыңға жуық жолаушы билетсіз жүргені үшін 42 миллион теңге айыппұл арқалаған. Бірақ бұдан тәртіп бұзатындардың саны азаймай тұр. 90 теңгесін қимайтын азаматтарды енді бақылаушылар аңдып ұстауға көшпек.

Билет бермей, ақшаны қалтаға басатын жүргізушілер де жаппай жауапкершілікке тартылып жатыр. Бақылау күшейтіліп, төлем жүйесі электронды форматқа ауысқалы жолаушылардан түсетін ақша миллиардтап артқан.

Бекмырза Игенбердиев, «Astana LRT» басқарма төрағасы:

- Ақшаны жүргізушілер мен кондукторлар қалтасына басып келген. Билет орнына жәй қағаз беріп, түрлі құйтұрқы әркеттер жасаған. Мұның барлығы анықталып жолы кесілген соң, көлеңкеден 5 миллиард теңгені шығардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.