{metadescription}
Талғарда шетелдікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды
Талғарда шетелдікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды

Талғарда шетелдікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында шетелдікті өлтіріп, қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Аталмыш іске қатысты ұсталған 6 күдікті уақытша қамауға алынды.

- Алдым. Мынандай жерге түстім де, алдым да, астыға басып ата салдым.

Өзбекстан азаматын өлтірген күдіктілердің біреуі кісі өліміне қалай барғанын айтып берді. Тергеу барысында олардың Талғар ауданының аумағында қарақшылықпен айналысқаны анықталды. Тепсе темір үзетін жігіттер елді мекендердегі дүкендерді тонаған. Барлығы 6 адам ұялы телефон мен қомақты ақшаны үптеп кеткен. Күдіктілердің үлкені 30, ең кішісі 24 жаста. Бұрын ешқайсысы істі болмаған.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

- 20 жасар Өзбекстан азаматының өліміне қатысты екендігі дәлелденді. Бұлтартпас айғақ ретінде қылмыстық істің материалдарынан қаза тапқан азаматқа атылған шолақ мылтық тіркелді. Сонымен қатар күдіктілер Талғар ауданында екі қарақшылық шабуылға қатысы бары анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде