Ильхам Әлиев Назарбаевты Жоғары орденмен марапаттады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды. Орденді Бакуде өткен Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің жетінші саммитінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев табыстады.
Автор: Ербол Тұрымбет
15.10.2019
Жалпы Түркі кеңесінің құрамына Қазақстаннан бөлек, Әзірбайжан мен Түркия және Қырғызстан кіреді. Кеңестің бұл жолғы жаңалығы – қатарына Өзбекстан қосылды.
Ал Венгрия бақылаушы ретінде қатысты. Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан, Түркия жән Қырғызстан президенттерімен кездесті. Кеңестің бүгінге дейінгі жетістіктерін атап өткен Елбасы екі ұсыныс жасады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның тұңғыш президенті:
- Екі ұсынысым бар. Біріншіден, Түркі келешегінің 2040 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркітектес қоғамдастықтың ұзақмерзімді мақсаттары менен оған қол жеткізу жолдары енгізілуі тиіс. Екіншіден, келешекте кеңістік атауын өзгерту мәселесін қарастырған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!