{metadescription}
Онкологтар: Ауру балаға ақша жинау кәсіпке айналды
Онкологтар: Ауру балаға ақша жинау кәсіпке айналды

Онкологтар: Ауру балаға ақша жинау кәсіпке айналды

Ауру балаларға ақша жинау бизнеске айналды! Елімізде науқастарды шетелге жіберіп, соған түрлі бонус алатын компаниялар көбейіпті. Компания өкілдері ұятты ысырып қойып, ауруханада хәл үстінде жатқандарға барып баласын шетелге жіберуге ақша жинап беруге көмек ұсынады. Ал шын мәнінде тура сондай ем өзімізде де бар дейді онкологтар. Елордада басталған Онкологтардың бүкіләлемдік саммитінде отандық дәрігерлер осындай мәселе көтерді.

Онкологиялық дертке шалдыққандар ішінде мұндай компаниялар әсіресе балаларға қатты назар аударады екен. Өйткені әке-шеше баладан несін аясын? Мұндай жағдайлар көбейіп кеткен соң, дәрігерлер жағдайды жеке бақылауға алуға мәжбүр.  

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының бас дәрігері:

- Бұл да бизнестің бір түрі. Компаниялар ақша жинап берейік, балаңызды шетелге жіберейік деп ауруханада жатқан баланың шешесіне ұсыныс жасайды. Шілдеден бері сондай көмек көрсетпекші болған әрбір жағдайды тексеріп шығып, нәтижесінде қазір ондай жарияланымдардың саны азайды.   

Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 180 мыңға жетеді. Жылына осы дерттен 15 мың адам көз жұмады. Дәрігерлердің айтуынша, елімізде аталмыш дерттен айыққандар «жаман ауру» деген атағынан қорқып, жұртқа өз жайын айтуға батпайды екен. Ал бұл жұрттың өз бетімен дәрігерлерге қаралуына әсерін берер еді дейді. Себебі, бүгінде диагнозды ерте анықтау өзекті мәселеге айналған.  

Мұратжан Сақтағанов, хирург-онколог:

- 179 мың адам тіркелген. Жыл бойынша бұл ауруға 35 мың адам шалығады. Адамдардың өздерінің жауапкершілігі керек деп айтамыз. Уақытында анықталу, уақытында дәрігерге бару. Кішігірім шағым болса, соған назар аудару.

Жағдайды оңалту үшін Қазақстанға өзге елдердің тәжірибесін алу ауадай қажет. Сол үшін елордада алғаш рет әлемегі онкологтардың бүкіләлемдік саммиті өтіп жатыр. Оған Иордания ханшайымы Дина Майред ате рнайы келіпті. Баласы қауіпті кеселге шалдығып, онымен күресуге шындап кіріскен Дина ханшайым бүгінде халықаралық одақты басқарады.

Дина Майред, Қатерлік ісікті бақылау жөніндегі халықаралық одақтың президенті:

- Менің ұлым екі жасында ақ қан ауруына шалдықты. Баламыз АҚШ пен Англияда емделіп келгеннен кейін тәуір болып кетті. Содан кейін түйгенім, өз елімізде немесе шетелде болсын, емдейтін мекемелер, дәрігерлер баршылық. Тек менеджмент жоқ. Сондықтан елде жұмыс жоспары дұрыс құрылмаса, дәрігерлер мен емхана жеткілікті болса да, одан нәтиже шықпайды.

Біздің ел онкоаурулармен күресуде өз бетінше қарманып келеді. Қазір астанымызда онкологиялық зерттеулер орталығының құрылысы жүріп жатыр. Ол медициналық қызметтің осы түрін сапалы қызметпен қамтамасыз етпек.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:  

- Біз былтыр Үкімет деңгейінде онкологиялық аурулармен куресудің төрт жылдық кешенді жоспарын құрдық. Оған 35 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында қазір қатерлі ісікті ерте бастан анықтайтын скринингтер өткізіп жатырмыз. Алайда халықтың тек 25 пайызы скринингтен өтеді. Оның ішінде онкологиялық аурулардың 23 пайызы ғана ерте анықталады.

Ал бүкіләлемдік саммиттен Қазақстан өзге елдердің тәжірибесін алмақ. Әсіресе «Ақшаны қалай жұмсаған дұрыс?», «Басым бөлігін ауруды емдеуге ме әлде ерте бастан анықтауға ма?» деген сұрақтар бойынша біздің дәрігерлер құнды мәліметтерге қол жеткізбек. Және еске салатын сөз, елімізде онкологиялық ауруларды анықтау мен емдеу тегін жүреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде