{metadescription}
Былық! Науқастарға тиесілі тегін дәріні жымқырып кетіпті
Былық! Науқастарға тиесілі тегін дәріні жымқырып кетіпті

Былық! Науқастарға тиесілі тегін дәріні жымқырып кетіпті

Елімізде қант диабеті мен гипертония ауруына шалдыққан науқастар тегін дәріден қағылып келген. Мемлекет есебінен тегін берілуі керек препараттардың қайда кеткенін қазір прокурорлар анықтап жатыр.

Олжас Әбішев, Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Мемлекет есебінен тегін дәрі алатын науқастармен кері байланыс орнату үшін СМС қызметін іске қосқан болатынбыз. Сөйтіп, медициналық препараттырдың науқстарға жеткенжетпегенін білу үшін, әрқайсына смс жолдап, сұрау салдық. Сөйтсек, қан қысымы жоғары және диабетке шалдыққан 8 мың адам дәріні алмай келген.

Науқастарға жетпей қалған дәрілер 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін бағаланады. Оны алаяқтар арзан бағамен дәріханаларға сатып жіберген болуы мүмкін.

Енді мұндай сұмдық жайтқа жол бермеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортында жаңа функцияны іске қосты.

Тегін дәріні алмаған науқастар сайтта онлайн немесе колл орталыққа хабарласып, шағымдана алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде