{metadescription}
Шымкентте Эйр Астана қызметкері көпбалалы анадан оңбай таяқ жей жаздады
Шымкентте Эйр Астана қызметкері көпбалалы анадан оңбай таяқ жей жаздады

Шымкентте Эйр Астана қызметкері көпбалалы анадан оңбай таяқ жей жаздады

Шымкент әуежайында жолаушы әйел әуе компаниясының қызметкерін ұрып құлата жаздады. Нұр-Сұлтанға ұшқалы жатқан 4 баланың анасына әлгі қызметкердің құжат сұрағаны ұнамай қалыпты.

Рейсті тіркеу кезінде өзімен бірге шыққан балаларының бірінің туу туралы куәлігін ұмытқан әйел бәрін түгел бортқа отырғызуды талап еткен. Бас тартқан қызметкерге әуелі былапыт сөз айтқан жолаушы жүйкесі шыдамай дүрсе қоя берді. Тіпті бірнеше рет дәлдеп ұрмақшы да болды. Абырой болғанда жанында тұрған өзге жұмысшылар мен жолаушылар араша түсіп, ашуға булыққан жолаушыны әкетіп үлгерді. Әйтпесе 4 баласын бір өзі өсіріп отырған әйелден әуе компаниясының қызметкері оңбай таяқ жейтін еді. Қалай болғанда да, жүйкесі сыр берген жолаушыға қатысты желілік полиция әкімшілік іс қозғады. Ал «Эйр Астана» бұзық жолаушыға келесі жолы билет сату-сатпау жағын ойластырып жатыр.

Тілек Әбдірахимов, «Эйр Астана» компаниясының баспасөз хатшысы:

- Азаматша Шынықұлова дөрекі түрде және тіл тигізіп, қызметкерімізден баласына отырғызу талон талап еткен. Өз-өзін өртеймін, аштық жариялаймын деп қорқытқан, қоқан-лоққы көрсеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.