{metadescription}
Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтағынан айырылды
Отанға опасыздық жасағаны үшін он жылға сотталған белгілі қытайтанушы ғалым Қазақстан азаматтағынан да айырылды. Алматы қалалық соты Константин Сыроежкинді елден аластатуға шешім шығарған.
15.10.2019
Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Ал он жылдан кейін мәжбүрлі түрде елден шығарылуы тиіс.
63 жастағы ғалым тыңшылық жасады деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын. Бірақ қай елге, қандай мемлекеттік құпияны жария еткені сол күйі айтылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!