{metadescription}
Қырғызбен шекара! Сарытөбе, Ауқатты пункттері кеңейтілетін болды
Қырғызбен шекара! Сарытөбе, Ауқатты пункттері кеңейтілетін болды

Қырғызбен шекара! Сарытөбе, Ауқатты пункттері кеңейтілетін болды

Қырғызбен шекарадан өтуге енді ешқандай тосқауыл жоқ. Қарасу мен Қордай шекара бекеттеріндегі кептелісті жою үшін Сарытөбе және Ауқатты өткізу пункттері кеңейтіледі.

Бейбіт Атамқұлов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Көбінесе біздің азаматтар, содан кейін Қырғызстанның азаматтарына да жеңілдіктер әкеледі. Өткізу пункттерінен өту мерзімі, халықтың көп болуы, әсіресе жаз мезгілінде Ыстықкөлге баратын халыққа да жеңілдік әкеледі.  

Министрдің айтуынша, пункттерді кеңейту жұмыстары шекарадан өтудегі кедергілерді жояды. Әсіресе Қырғызстанға жиі баратын қазақтар үшін.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты арттыруға Шу өзені арқылы жаңа көпір салынбақ. Қырғызбен шекарада көлік кептелістері жиі болып тұрады. Тіпті жыл басында жүк тасымалымен айналысушылар апталап тұруға мәжбүр болды.

Дегенмен былтыр айыр қалпақты ағайынмен алыс-беріс артқан. Жүк көліктерінің көлемі 46 пайызға артып, 1,7 миллион тоннаға жетті. Ал жылына екі ел шекарасындағы жеті өткізу бекеті арқылы 11 миллион адам мен 466 мың көлік өткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде