Қазгидромет: Биыл қыс ерте түседі
Қыстың ауылы алыс емес. Қазгидромет алдағы үш тәулікте күн суық болады деген болжам жасады. Солтүстіктен ығысқан арктикалық ауа әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, жолдарды көктайғақ баспақ.
Автор: Аруна Ортай
16.10.2019
Солтүстік пен солтүстік-батыста, шығыста қыс күшіне ене бастайды. Жауын жауып, соңы қарлы боранға ұласады. Соның салдарынан жолдарда көктайғақ болады. Осыған қатысты құтқарушылар тұрғындарға ескерту де жасады. Ауа райын болжаушылар биыл қыс ерте түседі дегенге сайып отыр. Еліміздің орталығы мен оңтүстігінде де жел тұрып, күн суытады.
Лаура Сайлыбаева, жетекші синоптик:
- Атмосфералық процестердің тез ауысуы Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райын тудырады. Сондықтан алдағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттар тез жылдамдықпен жылжитын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!