{metadescription}
Скрининг! Денсаулыққа қарауға мұршасы болмағандардың мәселесі шешіледі
Скрининг! Денсаулыққа қарауға мұршасы болмағандардың мәселесі шешіледі

Скрининг! Денсаулыққа қарауға мұршасы болмағандардың мәселесі шешіледі

Енді жұмыс берушілер қызметкерлерінің денсаулығын скринингтік тексеруден өткізуге бір күн жұмыстан босатауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай талап енгізбекші. Егер босатпаса, жұмыс берушілерге айыппұл салынады. Жұмысбастылықпен денсаулығына қарауға мұршасы болмай жүргендердің мәселесін министрлік осылай шешпекші.

Бас қалада екінші күн қатарынан өтіп жатқан әлем онкологтарының саммиті бүгін ерекше марапатпен басталды. Уругвай президенті Табаре Васкес онкоауруларға қарсы халықаралық одақтың сыйлығына ие болды. Сыйлық оның баласы Альвароға табысталды.

Табаре Васкестің ағзасынан екі ай бұрын қатерлік ісік анықталған. Соған қарамастан аурумен күресіп келеді. Оның бастамасымен әлемде Уругвай алғаш болып темекі өнімдерінің сыртына қауіпті екенін ескертетін суреттер жапсырып, бағасын көтерген.

Жиында сөз болған үлкен тақырыптардың бірі – электронды темекі, яғни вейпинг. Оны өндірушілер зияны аз деген желеумен негізінен жастардың көңілін аулауға тырысады. Бірақ өкпе қабынуына апаратын зиянды заттар оның құрамында да бар дейді мамандар. Сондықтан кей елдер шылымның осы түрімен арнайы күресуді қолға алған. Ал біздің елде түбегейлі темекі атаулыға қарсы заң талаптары күшеймек.

Кәдімгі темекімен бірге электронды шылымдар да қоғамда кеңінен таралып барады. Оның да адам денсаулығына зияны ғылыми түрде дәлелденген. Ал зияны аз дегені темекіні тастай бастаған жұртқа өндірушілер жаңа өнімін өткізуге жарнама жасауда дейді мамандар.  

Салли Коул, АҚШ онкология қауымдастығының мүшесі:

- Біздің Америкада вейпинг қатты белең алған. Ол адамның ағзасына кері әсер етеді, дәрет жолдарын бұзуы мүмкін. Өкініштісі, әлем елдерінде оны көп тұтына бастаған. Сондықтан оның қаупіне ескерту ретінде сары белгі қояр едім.

Қазақстанның да бұл науқанмен күресте өз айтары бар. Денсаулық сақтау министрі заңға өзгеріс енгізуге ертең Парламентке кірмек. 

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі: 

- Темекі шегетін орындарды азайтамыз. Екіншіден, табак пен алкогольге қосымша салық саламыз. Одан түскен қаражат медициналық сақтандыру қорына аударылады. Салық көбейген соң, тауардың құны артады. Ол тұтыну көлемінің азаюына әкеледі.

Электронды темекінің қаупін бүгінде көп түсініп болған. Ресми деректерге қарасақ, әлемде 27 ел электронды шылымды шектеген. Түркия да жуық арада осы мақсатты көздейтін заң қабылдамақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде