{metadescription}
Pos-терминал! Онлайн кассалық аппарат ұстауға міндеттейтін заң орындала ма?
Pos-терминал! Онлайн кассалық аппарат ұстауға міндеттейтін заң орындала ма?

Pos-терминал! Онлайн кассалық аппарат ұстауға міндеттейтін заң орындала ма?

Елімізде бизнесмендерді онлайн кассалық аппарат ұстауға міндейтін заңның орындалуы кейінге шегерілуі мүмкін. Бүгін депутаттар осындай бастама көтерді. Өйткені шағын және орта кәсіп иелерін салықтан босатып жатқанда, оларды pos-терминал пайдалануға итермелеу қисынсыз деп отыр.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында шағын бизнеске қол ұшын созу керектігін айтқан. Сол үшін оларды үш жылға табыс салығын төлеуден босату туралы Үкіметке тапсырма берді. Ол 2020 жылдан бастап орындалуы керек.

Бизнесмендер 2023 жылға дейін салықтан босатылғандықтан, pos-терминал енгізу туралы заңды да сол кезге дейін шегеру керек дейді мәжілісмендер. Өйткені, онлайн кассалық аппарат ұстаудың өзі микро және шағын кәсіп иелеріне салмақ салады дейді. Айта кетейік, келер жылдан бастап дүкендер мен ақылы қызмет көрсетітін бизнес нысандарының барлығы пос-терминал пайдалануға міндетті. Заманауи касса компаниялардағы қаржы операциясына қатысты мәліметті Мемлекеттік кіріс комитетіне тікелей жеткізіп отырады. Осылайша шенеуніктер салықтан түсетін табысты арттырамыз деген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.