{metadescription}
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық мигрант ағынан жарылды
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық мигрант ағынан жарылды

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық мигрант ағынан жарылды

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 20 жастағы еңбек мигранты жеткіншекті қағып, Қазақстанға қашып келген. Бірақ кейін Сеулге өз еркімен қайта барған. Енді сол елдің заңымен жауап береді. Ал жараланған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осы іске қатысты мән-жайды айтты.

Оңтүстік Кореяға өз еркімен оралған қазақстандық жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына осылай деп ағынан жарылды. Бас сауғалап Павлодарға қашқанына өкінеді. Жеті жасар баланы қағып ертеңіне ізін суытып шекара асқан отандасымыз 27 күннен соң табылды. Баланың әкесі оқиға кейіпкерін іздестіру туралы Оңтүстік Корея президентіне өтініш жазған екен. Бүгінде Қазақстан азаматы Чунвон қаласының тергеу изоляторында отыр.

Айбек Смадияров, СІМ ресми өкілі:

- Бүгін біздің консул тергеушімен, біздің азаматпен кездесу өткізеді. Сол кездесуден кейін белгілі болады, қандай жаза қолданылатындығы туралы. Барлығын сот шешеді деп ойлаймыз. Айта кетерлік жайт, әлгі біздің азамат оқиға орнынан қашып кеткен себебі, жас бала. Баланы қағып кеткеніне қорқып, өз еліне қашқан.

Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болыпты – жолға жүгіріп шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсарып келеді екен. Министрліктегілер өздігінен жүріп жүргеніне қуанып отыр. Бұған дейін дәрігерлер баланың сауығып кетуіне ешқандай кепілдік бермеген еді.

Істі болған азамат Кореяда бір жылдан астам уақыт бойы заңсыз жүрген. Тергеу-тексеру нәтижесінде оның әпкесінің де елде заңсыз жүріп жұмыс істегені белгілі болды. Алайда қылмыстық іске туғанының еш қатысы жоқ.

Ал Оңтүстік Корея аталмыш оқиғадан кейін шетелдіктерге қатысты ереже қатайтылады деп отыр. Бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Коряға кіруіне шектеу қойылмайды, ресми мәлімет жоқ деп қысқа қайырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.