{metadescription}
Таразда көпқабатты үй күлге айнала жаздады
Таразда көпқабатты үй күлге айнала жаздады

Таразда көпқабатты үй күлге айнала жаздады

Таразда көпқабатты үй күлге айнала жаздады. Шатырдан шыққан өрт лезде жайылып кеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Тілсіз жау күндізгі сағат 15:30 шамасында тұтанған. Құтқарушылар 80 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 20-сы – кішкентай балалар. Ешбірі зардап шекпегенімен, шошынып қалғандары байқалады. Әп-сәтте далада қалғандар жылап жүр. Ал шарпыған жалын бір сағатта ауыздықталды.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оны арнайы комиссия анықтап жатыр. Төтенше жағдайға қатысты штаб құрылды. Тентіреп қалған тұрғындарға да уақытша пана ұйымдастырылды.

Шенділердің сөзінше, өртенген шатырға әкімдіктен арнайы ақша бөлінеді. Сөйтіп үй жабындысы қалыпқа келтірілмек. Баспаналарға зақым келген-келмегені әзірге белгісіз.

Бейсенбек Жанбосынов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Өрт толық сөндіріліп біткеннен кейін анықталады, кіргізуге бола ма, болмай ма. Бұл үй жарықтан, газдан өшірілген. Судың қай қабатқа дейін өтіп кеткенін білмейміз. Электр құрылғылардың қандай жағдайда екенін де, білмейміз. Соның бәрін зерттеп шешім қабылдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде