{metadescription}
Ақтөбеде нан қымбаттады
Ақтөбеде нан қымбаттады

Ақтөбеде нан қымбаттады

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттады. Бұл аймақтағы ас атасын жасайтын үш ірі зауыт бір күнде құнын өсіріп жіберген.   

Бұрын әлеуметтік нанды зауыттағылар 78-80 теңгеден көтерме бағамен тарататын. Қазір үстіне 7 теңгеге дейін қосып отыр. Ол дүкенге жеткенде пайда көру үшін кәсіпкерлер тағы бірер теңгеге қымбаттады. Баға тұрақтылығын қадағалайтын шенеуніктер бұған бидай құнының қымбаттауы себеп деп отыр. Онымен қоса биыл қуаңшылықтан өңірде егін шықпай қалды. Әкімдіктегілер нан бағасын ұстап тұруға енді үш зауытқа субсидия бөлу жолын қарастырып жатыр.  

Ақжол Нұрсейітов, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:

- Нанның қымбаттауының себебі – бидайдың қымбат. Бірінші сұрыпты ұнның бағасы көтерілді. Содан нанның бағасы да өсіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде