{metadescription}
Іле Алатауында алма ағашын аяусыз отағандарға іздеу жарияланды
Іле Алатауында алма ағашын аяусыз отағандарға іздеу жарияланды

Іле Алатауында алма ағашын аяусыз отағандарға іздеу жарияланды

Алматыда таудағы алма бағын тып-типыл етіп отағандар іздестіріліп жатыр. Белгісіз біреулер жекеге тиесілі телімдегі 200 түптен аса алма ағашын отап, құнарлы топырағын тасыған. Алатау бөктеріндегі жеміс ағаштарына балта шапқандар әзір анықталған жоқ. Қазір бөтеннің мүлкін бүлдіру бойынша іс қозғалды. КТК тілшісі Іле Алатау бағының ахуалымен танысып қайтты.

Талай жыл бапталған алма бағының бүгінгі хәлі өте нашар. Жер алматылық Дина Байғабылованың әке-шешесіне тиесілі. Олар бұрынғы кеңшарға тиесілі аумақты жалдап, кейін жекеменшігіне алған. Яғни бағбандықпен жан баққан.

Дина Байғабылова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Әкемнің денсаулығына байланысты қалада екі ай болмай, осындай жағдайға тап болдық. Апорт пен кандиль алмасының ағашын кесіп, қара топырақты машинамен тасығандарды көршілерім сырттай көріпті. Табиғат қаскөйлері тезірек анықталып, қылмыстық жазаға тартылса деймін. Бұл жер біздің отбасымыздың басты байлығы еді.

Іле Алатауының етегіне өсетін алманың сұрыптары сирек кездеседі. Дина 3,5 гектар аумаққа көшет отырғызып ат салысқандардың бірі. Бойжеткеннің туристерге арнап экологиялық парк жасаймын деген арманы жүзеге аспады.

Экологтардың айтуынша, тереңдігі екі метрге дейін қазылған алма бағындағы құнарлы қара топырақты қалпына келтіру оңай шаруа емес. Оған кем дегенде 30-40 жылдай уақыт қажет екен.

Тимур Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары:

- Қазір қалада сатылатын топырақтың қайдан келгенін ешкім тексермейді. Бұл жерде құнарлы топырақ мол. Соны қазуға ағаштар оталған. 200 түптен аса ағаш жойылды. Келтірілген шығын көлемін бірден айту мүмкін емес.

Учаскелік полиция ағаш оталған соң ғана іске кірісті. Қазір іс Ішкі істер министрлігінің жіті бақылауында. Апортқа аяусыз балта шапқандар іздестіріліп, 100 сотық аумақтағы шығын көлемі есептелуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Бірнеше күннен кейін бұл істі өз өндірісіне полиция департаментінің тергеу басқармасы алған болатын. Осы елдімекенге апаратын жолдардан бейнекамералары жазбалары тәркіленіп, қазір жіті саралану үстінде.

Әзірге көңілге медеу болатын бір жол бар. Экологтар алғашқы қар түскенше кесілген ағаштардың орнына шыбық отырғызуды ұсынады. Алма бағының маңайындағы тұрғындарды табиғатқа келген залалдан бөлек, сел қаупін тудырған шұңқырлар алаңдатып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.