{metadescription}
Дана Нұржігіт: Ауылдағылар алған несиесін далаға шашады
Дана Нұржігіт: Ауылдағылар алған несиесін далаға шашады

Дана Нұржігіт: Ауылдағылар алған несиесін далаға шашады

Ауылдағылардың қаржылық сауаты өте төмен. Олар бизнес бастауға деп үкіметтен несие алып, ақыр соңында ақшаны той-томалақ пен құдалыққа жұмсап тауысады деп күйінді сенатор Дана Нұржігіт. Бірақ ақшаның желге ұшып жатқанына өзі көз жеткізбепті. Тек «Даму» қорында істейтін бір әріптесінен естідім деп отыр.

Дана Нұржігіт, Сенат депутаты:

- СМС арқылы «Даму» қорына келген сұрақтардың өзі өте сауатсыз, деп айтады маман. «Тек несие ала аламын ба, осыған дейінгі несиелерімді сіз арқылы жаба аламын ба?» деген сұрақтардың аясынан шықпайды, дейді маман. Бизнес бастайтын болдым деп ақшаны алады, ал кейін үйіне жөндеу жұмысын жүргізіп, болмаса, құдайы ас беріп, құда шақырып, ақшаны жеке басына жұмсап жібереді екен.

Сенатордың айтуынша, ауылдағылар алған несиесін осылай далаға шашады. Ал кейін үкіметке есеп берер кезде көршісінің бұзауын әкеп көрсете саламын деуден тайынбайды. Сайып келгенде ауыл жұртының қаржыны дұрыс игермеуі олардың қаржылық сауатына тіреліп тұр екен. Алайда оның бұл сөзі басқа сенаторларға жақпай қалды. Әсіресе, отырыста сөз алу туралы мүлде ойы болмаған «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев ауыл халқына мұндай көзқарас таныту қате екенін дәл отырыс үстінде айтып салды.

Сенатор Бектаевтың айтуынша, ауыл шаруалары, керісінше, жылдар бойы Үкіметтен жеңілдетілген несие ала алмай жүр. Оларға деп бөлінетін субсидияны жергілікті әкімдіктер басқа мақсатқа жұмсап жібереді де, соры қайнайтын тағы сол шаруалар. Дана Нұржігіттің сөзін өзге сенаторлар да қолдаған жоқ.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- Ол пікірмен мен келісе бермеймін. Өйткені қазір ауылда да несие ала алмай отырғандар өте көп. Сондықтан да олардың қаржылық сауаты бар, көпшілігі несиеге қол жеткізбейді. Өйткені несие алайын десе, олардың кепілдікке қояр заттары жоқ және несиенің қайтарымы 7 пайыз. Сондықтан көбісі қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.