{metadescription}
Бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін
Бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Себебі оның акцизі қымбаттамақ. Үкімет желтоқсанның басында қаулы қабылдау керек. Оған дейін талқылау жүріп жатыр.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Қазір бизнес – бір литр ішінде акциз мөлшерлемесі 8 теңге. Біздің жобаларымызға сәйкес, акциз мөлшерлемесін 10 теңгеден арттыру қажет. Оны талқылаймыз.

Үкімет қаулысы бойынша бір литр бензиннің акцизін 18 теңгеге көтеру көзделіп отыр. Қаулы қабылданса, бензиннің нарықтағы құны 10 теңгеге артуы мүмкін. Себеп – қазір бюджеттің әлеуметтік салаға қатысты шығындары көп. Сондықтан нарық бағамы да соған сай болуы тиіс дейді министр Дәленов.

Дегенмен жанармай қымбаттағанның өзінде көрші Ресейдегідей шарықтап кетпейтініне сенімді. Жуырда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы алдағы уақытта көрші Ресейдегідей бағаға шамалас көтерілетінін айтқан еді. Қазір екі ел арасындағы бензин бағасының айырмашылығы 100 теңгеден асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде