{metadescription}
Сирияда содырлармен бірге соғысқан 14 отандасымыз сотта жауап береді
Сирияда содырлармен бірге соғысқан 14 отандасымыз сотта жауап береді

Сирияда содырлармен бірге соғысқан 14 отандасымыз сотта жауап береді

Сирияға барып, содырлармен бірге соғысқан 14 отандасымыз сот алдында жауап береді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына кіріп, ауыр қылмыс жасаған.

Қазір елге қайтарылған күдіктілерге қатысты тергеу толық аяқталды. 14 азаматқа лаңкестікті насихаттады және лаңкестікке шақырды деген бірнеше ауыр айып тағылды.

«Жусан» операциясы кезінде Шам өлкесінен елімізге 595 азамат қайтарылды. Олардың 400-ден астамы – балалар. Бұған дейін жат елге барып, содырлардың сойылын соққан 10 еркек пен 5 әйел әртүрлі мерзімге сотталған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде