{metadescription}
Алматыда BMW-нің мас жүргізушісі жасаған апатта екі адам көз жұмды
Алматыда BMW-нің мас жүргізушісі жасаған апатта екі адам көз жұмды

Алматыда BMW-нің мас жүргізушісі жасаған апатта екі адам көз жұмды

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатында 2 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақатпен ауруxанаға түсті. Полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. BMW жүргізушісі мас күйінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, қарсы беттегі көлікті соққан. Оқиғаға кінәлі жүргізуші қамауға алынды.

Жол апаты түнгі екілер шамасында Сейфуллин көшесінің бойында болған. BMW автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Бөгенбай көшесімен жүріп бара жатқан Audi маркалы автомобилін қағады. Соққының қатты болғаны соншалық, жарнама бағанасына және ағашқа соқтығысқан.

Артынша, тағы екі көлік келіп соғысқан. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен өрт сөндірушілер де келді. Себебі BMW-ның бензин багы тесіліп, құтқарушылардың көлікті бөлшектеуіне тура келген. Соның салдарынан 26-27 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тапты. Тағы 6 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Ермек Желдібаев, Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Барлығы қабылдау бөлімінде қаралып, тексеріліп, үшеуі жатқызылды. Үшеуі амбулаторлық емге қайтарылды. Үш адамның екеуі қосарланған ауыр дене жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары екеуінің де қалыпты. Қажетті тексерістер бәрі өткізілді. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін жоспарлы ота жасалынады.

Белгілі болғандай, оқиғаға BMW көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Арнайы сараптама көрсеткендей ол есірткі заттың және ішкілікті алкоголді спиртті ішімдіктерді пайдаланған екен. Ол бірден қамауға алынып, қазіргі таңда Алматы қалалық ішкі істер басқармасында уақытша оқшаулау абақтысында қамауда. Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қайғылы оқиғаға қатысты қазір тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр. Заң бойынша бұл қылмыс үшін 12 жылдан аса бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде