Жат туыстар: Өмірбековтер әулеті мен оның қызметшісінің құпиясы қашан ашылады?
Махаббат, опасыздық, қастандық. Мұның бәрі Өмірбековтер отбасында болып жатқан жағдай. Олардың өмірі туралы «Жат туыстар» сериалы көрермендерді таң қалдыруын жалғастыруда. Туындыдағы әр кейіпкердің өз құпиясы бар.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
18.10.2019
Ертең сериалдың жаңа санында жемқорлыққа жаны жақын Самат тергеуден құтылу үшін 50 мың доллар іздейді.
Оның көмекшісі сыртынан қандай ойын ойлап табады?
Асқар неліктен құпия түрде өмірге келді? Одан анасы не жасырады?
Ғашықтардың ара-қатынасы тағы бұзыла бастайды. Олар неге бір-біріне сенуден қалған?
Аспаз әйел бақсының көмегіне жүгінеді. Кәрі бақсы оған қандай улы ішімдік ұсынады және оның өтеуіне не сұрайды?
Өмірбековтер мен олардың қызметшісінің құпиясы әне-міне ашылады.
Дүйсенбіде сағат 17:00-де КТК арнасынан «Жат туыстар» туындысын қараңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!