{metadescription}
Regional Advertising Forum: Медиа жарнамаға инвестиция құюдың қайтарымы бар ма?
Regional Advertising Forum: Медиа жарнамаға инвестиция құюдың қайтарымы бар ма?

Regional Advertising Forum: Медиа жарнамаға инвестиция құюдың қайтарымы бар ма?

Жарнама индустриясындағы соңғы мүмкіндіктер. Алматыда алғаш рет аймақаралық жарнама форумы өтеді. Оған Орталық Азиядағы 9 елден 500 адам қатыспақ. Ортақ алаңда Лондон, Мәскеу мен Тбилисиден келген аузы дуалы мамандар сөйлейді. Шараның көздегені – тұтынушының жарнамаға деген талабы мен сұранысын анықтау.

Жылдың айтулы шарасына бір аптадай уақыт қалды. Форумды ұйымдастырушылар жарнама нарығындағы түйткілдер мен оны шешудің жолдарын ұсынамыз дейді. Көпке танымал сарапшылар телеарна мен интернеттегі жарнаманың аудиторияға ықпалын сөз етпек. Пікір алмасатын ортақ алаңды Орталық Азия жарнама қауымдастығының кеңесі ұсынып отыр. 

Дмитрий Маров, Орталық Азия жарнама қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

Мұндай алаң нарық ойыншыларының басын бір жерге жинайды. Клиенттер, жарнама агенттігі, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар кездесіп түйткілді мәселелерді талқылайды. Ешқандай тақырыпқа шектеу жоқ.

Кез келген компания жаңа тауар шығарумен қатар оны ұсынудың тың жолын іздейтіні анық. Форумда отандық жарнама жасаушылар өз қызметі жайлы баяндайды. Қазір Орталық Азия елдері үшін заманауи технологияның көмегімен табыс табу өзекті. Мамандар медиа жарнамаға инвестиция құюдың қайтарымы мол деген ұстанымда.

Дмитрий Маров, Орталық Азия жарнама қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Бір жыл бұрын құрған қауымдастық атқарушы органның міндетін атқарады. Біздің қоғамдық ұйым қажетті мекемелермен іскерлік байланысты орнатқан. Тұтынушының психологиясын зерттедік. Басым бөлігі дәстүрлі телеарнаны таңдайды.

500 адам қатысатын аймақтық форумға Лондон, Мәскеу, Тбилиси, Баку, Ташкент пен Бішкектен білікті сарапшылар шақырылған. Айтулы Regional Advertising Forum 24 қазанда Алматыда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде