Қарағанды облысында нан қымбаттады
Павлодар мен Ақтөбенің ізін ала, Қарағанды облысында да нан бағасы қымбаттады. Астықты өңірде осыған дейін бөлкесі 63 теңге болып келген ас атасы енді 70 теңгеден сатыла бастады. Бұл тек әлеуметтік дүкендердегі баға.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.10.2019
Жеке дүкендерде нанның бағасы 100 теңгеге дейін жеткен. Бұл – бидай бағасының қымбаттауынан дейді мамандар. Себебі, биылғы жауынсыз жаздан кейін өнім аз алынған. Сұраныс көп болған соң баға да өсіп отыр. Дегенмен өңір басшылығы нан бағасының шарықтатпауға тырысамыз дейді. Сол себепті биыл өңірлік қорға диқандардан 54 мың тонна бидай жиналыпты. Әзірге оның 500 тоннасы Қарағандыдағы негізгі диірмен комбинатына төмен бағамен сатылған. Осы бидайдан пісірілген нан тікелей әлеуметтік дүкендерге түспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!