{metadescription}
Оралда 46 жастағы еркек 5-ші сынып оқушысын ұрламақ болды
Оралда 46 жастағы еркек 5-ші сынып оқушысын ұрламақ болды

Оралда 46 жастағы еркек 5-ші сынып оқушысын ұрламақ болды

Оралда он жасар қызды ұрлап кетпек болған күдікті ұсталды. 46 жастағы азамат мектептен шыққан 5-ші сынып оқушысына дәл көше бойында тарпа бас салған.

Абдырап қалған жеткіншек қатты айқайлап жұрттан көмек сұрапты. Осы сәтте су алуға бара жатқан келіншек, оқушыға араша түсіп, күдіктінінің қолынан аман алып қалған. Ал белгісіз ер адам қашып үлгерген. Әбден шошынып қалған оқушы болған жәйтті анасына айтып, кейін мектеп басшылары да естіпті. Ұстаздар дереу барлық ата-аналарды жинап, кешқұрым балаларды жалғыз жібермеуді ескертіп жатыр. Өйткені бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы тез таралып, тұрғындардың зәресін қашырған. Осыдан кейін іске полиция араласып, 5-ші сынып оқушысын ұрламақ болған күдікті қолға түсті. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған азамат екен.

Серік Сүйінбаев, БҚО ПД бастығының орынбасары:

- Оқиға орнына тергеу тобы барып, екі күннен кейін күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз өзіне шабуыл жасаған азаматты танып отыр. Алғашында күдіктінің үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған. Алайда қазір оны «адам ұрлау» бабына өзгерттік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.