Қарағандының қақ ортасында автобус аударылды
Қарағандының қақ ортасында жол апатынан жолаушыға лық толы автобус аударылды. 12 адам ауруханаға түсті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.10.2019
Оқыс оқиғаға жеңіл көлік себепкер болған. Тізгіндегі 34 жастағы азамат негізгі жолға жылдамдықпен шығып, өз жолымен кетіп бара жатқан шағын автобусты бүйірден соғыпты. Тас жолда шыр айналып барып, аударылған автобус 10 метр жерге дейін сырғып кеткен. Шағын автобустың ішінде 30 жолаушы болған. Апат орнына жақын жүрген адамдар автобустың терезесін сындырып, басылып қалғандарды шығарып жанталасты. Түрлі жарақат алған жолаушылар бірден ауруханаға жөнелтілді.
Ерік Шонбаев, травмотолог:
- Алты жедел жәрдем көлігі барып 12 адамды ауруханаға жеткізді. Бір адам аяқ қолын сындырған. Алты адам ем қабылдағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Қалғандары жеңіл жарақаттар алған, жағдайлары орташа.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!