Алматыда балаларға арналған инклюзивті фестиваль өтті
Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті фестиваль өтті. Жас ұрпаққа әлеуметтік мәртебесі мен денсаулық жағдайына қарамастан шығармашылықпен, спортпен айналысуда және білім алуда тең мүмкіндік беруді мақсат еткен жобаға Тұңғыш Президент қоры қолдау білдірді.
Автор: Мақсат Мәлік
21.10.2019
Гүлнар Ершиманова, Тұңғыш Президент қоры жобаларының аға үйлестірушісі:
- Фестиваліміз әрбір бүлдіршінге арналған үлкен инклюзивті, үлкен интерактивтіәлеуметтік алаң. Келешекте еліміздің әр аймағында «Аман келешектің» идеяларын енгіземіз деп ойлаймыз.
«Аман келешек» балалардың инклюзивті фестивалі 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осыған дейін еліміздің әр өңірінен 20 мыңнан астам бала қатысқан фестивальге биыл 3 мыңнан аса жасөспірім жиналған. Әдеттегіден ерекше форматта ұйымдастырылған шараның алғашқы бөлігінде балалар мен эстрада жұлдыздары концерттік бағдарлама ұсынса, түрлі спикерлер өрендерді шабыттандырып, небір интерактивті ойындар өткізілді. Ал жаңа үлгідегі фестивальдің екінші кезеңінде балалар білім, шығармашылық жағынан және спорт алаңында бас қосты.
Айта кетейік, Тұңғыш Президент қоры бұл жоба бойынша «инклюзия» ұғымын кеңейтуді ұсынып отыр.
Нұрбала Сарыбай, фестивальге қатысушы:
- Мен Тараздағы көзі нашар көретін «Болашақ» мектепинтернатынан келдім. Мен сол жерде оқимын. Тұңғыш Президент Елбасы қоры осындай фестиваль өткізгеніне қуанамын. Оны сөзбен жеткізу қиын. Үлкен әсер қалдырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!