Сайрамдағы жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Түркістан облысында Голливуд фильміне бергісіз қарақшылық шабуыл жасалды. Жанар-жағармай стансасына ентелеп кірген қаскөйлер санаулы сәтте мекеме қызметкерлерін састырып қана қоймай тонап үлгерді.
Автор: Бек Әбиев
21.10.2019
Оқиға Сайрам ауданында болған. Таңғы сағат алты шамасында бетперде киген екі жігіт жанармай стансасына кіріп, ол жердегі ұйқылы-ояу қызметкерге мылтық тақаған. Оператордың бетіне баллоннан газ шашып, кассир қызға да қару кезенеді. Бұл кезде ішкі бөлмеден шыққан күзетші қарулы қылмыскерлерді көріп тығылып қалды. Осылайша оп-оңай кассаға қолы жеткендер 170 мың теңгеге жуық ақшаны үптеп, сыртта күтіп тұрған көлікке мініп із суытқан. Олардың ізіне түсу үшін полиция бір апта уақыт кетірді.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Іздеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде күдіктілердің біреуі қолға түсті. Ол қазір қамауға алынды. Ал екі азаматқа іздеу жарияланды. Барлығы – жергілікті тұрғындар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!