{metadescription}
0:000:00
Баспаналы болғысы келген бір топ тұрғын шу шығарды

Баспаналы болғысы келген бір топ тұрғын шу шығарды

Үй де жоқ, ақша да жоқ! Алматыда бір топ тұрғын алаяқтарға алдандық деп шу шығарды. Баспаналы болғысы келген 50-ге жуық адам «Әлеуметтік тұрғын үй орталығы» деп аталатын жеке серіктестікке 600 мың теңгеден аударған. Алғашқы жарна төленсе, қалаған үйді алып береміз деп оларға уәде еткен. Енді ақшасын қайтара алмай жүргендер компанияның бас кеңсесіне басып кірді.

Татьяна «Әлеуметтік тұрғын үй орталығы» деп аталатын компанияға Шу өңірінен арнайы келіп отыр. Салы суға кеткен әйел бір жыл бұрын баспана алып беремін деген орталыққа банк арқылы 600 мың теңге аударыпты. Ақыр аяғында не үй, не ақша жоқ, сан соғып қалған.

Татьяна Попович, жәбірленуші:

- Көше бойынан орталықтың жарнамасын көрдім. Сосын кеңсесіне келіп менеджермен сөйлестім. «Алғашқы жарнаға 600 мың теңге төлеңіз, алты айдан кейін таңдаған үйіңізді алып береміз» деді. Қуанып кеттім. Тіпті үй қарап, қожайындарымен келісіп қойғанбыз. Енді, міне, тоғыз ай өтті, олар әлі уәде беріп келеді.

Татьяна сияқты үйлі болудан үміт үзгендер еліміздің әр өңірінен жиналды. Күте-күте тағаты таусылған жұрт орталықтың бас кеңсесіне баса-көктеп кіріп, ақшасын қайтарып беруді талап етті.

- Қандай үлкен жұмыс істеп жатырсыз, түсіндіріңізші? Ақшамызды қайтарыңыздар? Қанша күтуге болады?!

Келісім бойынша үй алғандар 2,5 пайызбен ипотека ретінде ай сайын ақша төлеуі тиіс болған екен. Алайда кезекті сарыла күткендер баспанадан үміт үзіпті.

Болатхан Жүсіпов, жәбірленуші:

- Бұның барлығы алаяқтық топ деп санаймын. Бұларды соттау керек. Жұмыс істетпеу қажет. Ақша алуға келгенде менеджер айтады. Кеше ғана жиналыс болды. Ақшаны бермейтін болды деп. Неге бермейді? Арызға қол қойылды ғой. Сылтау, келіспейтін сылтаулар.

Айқай-шу асқынғанда орталық директоры да төбе көрсетті. Ол кеңсені басына көтергендердің мәселесін жеке-жеке қарауға уәде берді. Ал компания қызметінен бас тартқандарға ақшаны алдағы уақытта қайтарамын деп сендірді.

Әділ Мамұтов, «Әлеуметтік тұрғын үй орталығы» ЖШС директоры:

- Ақшасын қайтаруды талап еткендер 14 күннің ішінде ақшасын алады. Ешкімді алдамаймыз, ақшасын қайтарамыз. Бұл үлкен бағдарлама. Келесі жылы үлкен құрылыс бастайық деп жатырмыз. Бүкіл Қазақстанда кеңселеріміз бар. Үй аламыз дегендер кезекке тұрып жатыр.

Алайда орталықтан опық жеген халық құр уәдеге сенуден қалған. Олар істің ақ-қарасын ажырату үшін қалалық прокуратуға ұжымдық арыз жазамыз деп тарқасты. Енді жеке серіктестіктің жұмысы қаншалықты заңды екенін құқық қорғау орындары анықтамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде