{metadescription}
Оңтүстік Кореяда бала қаққан отандасымыз неше жылға сотталады?
Оңтүстік Кореяда бала қаққан отандасымыз неше жылға сотталады?

Оңтүстік Кореяда бала қаққан отандасымыз неше жылға сотталады?

Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып оқиға орнынан із суытқан отандасымыз 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. 20 жасар еңбек мигрантына бірнеше айып тағылған.

Айбек Смадияров, СІМ ресми өкілі:

- Отандасымызға бірнеше айып тағылдықылмыс орнынан қашу, көлік құралын тіркеу ережелерін бұзу, сақтандыру мен жүргізуші куәлігінің болмауы. Оңтүстік Корея тергеуінің мәліметінше, оның 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл арқалауы мүмкін.

Сыртқы істер министрлігі істі бақылауда ұстап отыр. Отандасымыз Чунвон қаласының тергеу қапасында. Оған ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ дейді дипломаттар. Еңбек мигрантына мемлекеттік адвокат берілген. Қазір жеке қорғаушы жалдау мәселесі қаралуда. Оған елшілік көмектесуде.

20 жасар азамат Оңтүстік Кореяда жеткіншекті қағып Қазақстанға қашып келген. Жеті жасар бала жолдың рұқсат етілмеген бөлігімен жүгіріп өтпек болыпты. Көлік астында қалған жеткіншектің жағдайы жақсарып келеді. Ал отандасымыз басында оқиға орнынан із суытқанымен, артынша полицияға өз еркімен қайта барды. Ол Кореяда бір жылдан астам заңсыз жүріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде