{metadescription}
Алматы: Экопатруль өкілдері тауда ұрлықтың үстінен түсті
Алматы: Экопатруль өкілдері тауда ұрлықтың үстінен түсті

Алматы: Экопатруль өкілдері тауда ұрлықтың үстінен түсті

Алматыда қара топырақты саудалайтындардың ұрлығы тыйылар емес. Мұнда бір жарым гектардан аса жер қазылып, соның салдарынан эрозиясы туындаған. Экологтар кінәлілер анықталғанымен, олардың жеңіл жазамен құтылатынына алаңдаулы. Мұндай бассыздықты тоқтатудың жалғыз жолы – заңды қатаңдату.

Экопатруль өкілдері тауға келгенде ұрлықтың үстінен түсті. Құнарлы топырақты саудалайтындардың жалдаған техникасы қаңтарылған күйі тұр. Камераны көрген жүргізуші кабинасына тығылып сөйлеуден қашты. Техникасын жөндеп әлек.

- Қандай мекемеде жұмыс істейсіз?

- Бүгін келгенмін.  

- Мына техника кімге тиесілі?

- Дәулетке.

- Серіктестік пе?

- Білмеймін оны.

Тимур Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары:

- Біз тұрған аумақта қара топырақ қазылып, оған қоса қоқыс полигонына айналған. Қалада көгалдандырумен айналысатын компаниялардан сұраныс жоғары. Өкінішке қарай, үнемі бақылауға алғанымызбен заңсыздық тыйылар емес.

Соңғы кездері Алматыда қараусыз қалған жер учаскелеріндегі қара топырақты қазып алып нәпақа табатындарды тоқтату мүмкін болмай тұр. Мамандар мұндай бассыздықты толықтай жоймаса, соңы қауіпті жағдайға әкеле ме деп алаңдайды. Себебі, Алматыда сел қаупі жиі туындайтыны белгілі.

Мұндағы топырақтың құрамы қара шірінді мен кальцийге бай. Қазылған 1,5 гектар аумақта бірде-бір ағаш отырғызылмаған. Экологтардың болжамынша, жаңбыр жауса топырақ еңіске қарай жылжып опырылады. Сел жақын маңдағы мектеп пен электр станциясын шайып кетуі мүмкін.

Ержан Сағымбеков, Алматы қаласы арнайы табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры:

- Аталған дерек бойынша әкімшілік шара көзделген. Яғни 10 АЕК-тен 50 АЕК-ға дейін. Егер анықталған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік жауапқа тартылады.

Табиғат жанашырлары «заңды қатаңдатпай, ештеңе өзгермейді» деген пікірде. Себебі, жерді заңсыз қазғандарға берілетін жаза тым жеңіл.

Көбі әкімшілік айыппұлмен құтылып, бұрынғы әдетіне қайта басады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде