{metadescription}
Қазавтожол! Еңбекшіқазақ тұрғындары бақылау камерасының зардабын тартып жүр 
Қазавтожол! Еңбекшіқазақ тұрғындары бақылау камерасының зардабын тартып жүр 

Қазавтожол! Еңбекшіқазақ тұрғындары бақылау камерасының зардабын тартып жүр 

Сегіз шақырым 800 теңге! Алматы облысында тұрғындар көлікпен жүру қып-қызыл шығын деп бас көтерді. Олар «Қазавтожол» мекмесіне автобан бойындағы, нақтырақ Лавар мен Шелек ауылдарының арасындағы бақылау камерасын алып тастасын деген талап қойды. Өйткені аталмыш бақылау құрылғысы ауыл арасы қатынайтын әр көлікті қалт жібермей түсіріп, жүргізушілер ай сайын 20-30 мың теңгедей төлеп шаршаған. Жұрттың базынасын КТК тілшісі тыңдады.

Бейнебақылау камерасы биыл 26 қаңтарда іске қосылған. Мамандар бұл камераны Алматы-Қорғас тас жолы арасында қатынайтын жүргізушілерге қойыпты. Өйткені олар діттеген жерге тегіс жолмен тегін жетуді көздейтін көрінеді. Алайда құрылғының зардабын бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары тартып отыр.

Аудан халқы ақылы жолдың азабын айту үшін тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Жүргізушілер ауыл арасына қатынау «қалтамызға әжептәуір салмақ түсіреді» деп күйінеді. Шелек пен Лавар елді-мекендердің ортасында тұрған камера әр көлікті қалт жібермей түсіріп, «ай сайын жиған-тергенімізді жолға төлейміз» дейді жұрт.

Қанат Олжанов, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны:

- Бетон жолмен жүрсек, фиксациядан өтсек, Николаевкадағы, Төңкерістегі төлейік. Қарсы емеспіз. Біз мына көпірден бір шақырым жүріп, бұрылып, Лаварға, Маловодныйға кетеміз. Соған біз не үшін ақша төлейміз?!

Болат Төребаев, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны:

- Бес 5 күнде маған 31 мың теңге шықты. Көп алып жатыр. Біздің талабымызкамераны жаңа жолына қойсын. Бізге ескі жолды босатып берсін. Тілегіміз осы.

Тұрғындардың наразылығынан кейін «Қазавтожол» компаниясының өкілдері де келді. Ашуға булыққан жұрт мекеме қызметкерлеріне сұрақтарын қарша боратып, түтіп жей жаздады. Басшыларын көліктеріне отырғызып, ақша соратын сегіз шақырым жолды бірге жүріп өтті.

Нұрбек Белдіков, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны:

- Міне, 1680 теңге келді. Бір айналып келгенге. Төртақ шақырым жүрдім. Өздеріңізбен айналғаным 1680, енді үйге қайтамын, жалпы төрт мың теңге төлеймін. Таксимен жүргенім жеңіл!

Республикалық маңызы бар жолдағы келеңсіздіктерге көз жеткізген жауаптылар автобан бойындағы ауыл тұрғындары төлемнен толығымен босатылады деп уәде берді. Мамандар жергілікті халық Құлжа тас жолымен тегін жүруге құқылы деп отыр.

Берік Бекмағамбетов, «ҚазАвтоЖол» АҚ ақылы жолдың басшысы:

- Бүгіннен бастап тұрғылықты тұрғындарға көліктің барлық түріне ақша алынбайды. Қарыздары бар тұтынушылардың барлық қарызы шешіледі. Бірақ бұл бақылау доғасы осы жерде қалады. Ешқайда көшірілмейді.

«ҚазАвтоЖол» мекемесі Алматы-Қорғас тас жолында тұрған бақылау камералары күніне шамамен 3,5 млн теңге ақша түсіретінін айтады. Тиісінше, жыл бойы жиналатын қыруар қаражат ақылы автомагистральдің сапасын жақсартуға жұмсалмақ. Ал басшылардың сөзіне иланған тұрғындар мәселенің оңтайлы шешілетініне үміттеніп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.