Таразда 11 жастағы қызға жәбір көрсеткен ер адам Алматыда ұсталды
Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған күдікті Алматыда қолға түсті. Әлеуметтік желіде 6-шы сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.10.2019
36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Аталмыш жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген. Ал тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.
Қуанышбек Бекқожаев, Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Седицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!