{metadescription}
Айыппұл төлемей жүрген шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне қатер төнді
Айыппұл төлемей жүрген шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне қатер төнді

Айыппұл төлемей жүрген шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне қатер төнді

Шетелдік нөмірмен көлік мінген жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін 765 миллион теңге айыппұлын төлемей жүр. Қашып жүрген көлік иелерінің тайраңдауына енді тыйым салынатын болды. Ішкі істер министрлігі ол айыппұлдарды жаңа талаптар арқылы өндірмек.  

Жыл басынан бері 900-ден аса көлік иесі заң бұзып, 50-ден астам жолаушы көз жұмған. Салынған айыппұл – 817 миллион теңге. Ал шетелдік нөмірлі көліктердің кесірінен болған жол-көлік оқиғалары соңғы үш жылда 2 есе өсіпті. Жауапты министрлікке нөмірлері Армения, Қырғызстан немесе Ресейде тіркелген автокөлік иелерін анықтау қиынға соғыпты. Тек 57 миллион теңгесі ғана өндірілген. Өсімнің көбеюі алаңдатса керек, Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, жол ережесін бұзғандарды сақтандыру полисі арқылы анықтап жазалайтын болды.  

Ақтоты Боранова, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі:

- Автокөлік мәліметін сақтандыру полисі арқылы деректер базасынан алып, мекенжайларына ұйғарымдар жолданады. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің баптарымен міндетті түрде шара қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.