{metadescription}
Энергетика министрі бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады
Энергетика министрі бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрі бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады

Биыл бензин мен дизель отыны қымбаттамайды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деп сендірді. Бір апта бұрын Ұлттық экономика министрлігінің жанармай бағасы 10 теңгеге өсуі мүмкін дегені көптің есінде. Ал салалық министрлік басшысы алдағы екі айда акциздің де құны көтерілмейді деп отыр.

Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:

- Бензин бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ! 2024-2025 жылдан бастап Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армениямен бір нарықта боламыз. Бәсекелі нарық болады. Бәсекелестік болса, бағалар тең болу керек, ол түсінікті.

Қзір Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы 100 теңгеге, ал дизель отыны 50-60 теңгеге арзан. Министр егер бензин қымбаттаса, қозғалтқыш көлемі кішкентай көліктерді салықтан босатуға немесе азайтуға ынталы.

Бозымбаев отандық бензинді сыртқа шығаруды шектеуге қабылданатын шараларға тоқталды. Айтуынша, отынды автоцистернамен көрші елдерге тасымалдауға тыйым салынады. Шектеу транзиттік автобустарға да, бензин құятын қосымша бак қойылған жүк көліктеріне қатысты. Ал жеңіл көліктерге жанармай құюға шектеу болмағанымен, министрліктегілер елден тыс шығарылатын канистрлердің әрқайсысын аңдып отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.